Алматы полициясы әл-Фараби даңғылында түсірілген кортеж қатысушыларын жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, кортеждің төрт жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Алматы полициясы әл-Фараби даңғылында түсірілген кортеж қатысушыларын жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, кортеждің төрт жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
"25 мамырда сағат 12.25-те жол-патрульдік полициясының арнайы батальоны әл-Фараби даңғылындағы "Нұр-Мүбәрак" ғимаратына қарама-қарсы жердегі кортеж қатысушыларын ұстады. Олар шығыс бағыттта Достық көшесімен кетіп бара жатқан. Құқық бұзушылық дерегі бойынша Toyota Land Cruiser жүргізушісіне - 1985 жылғы ер адамға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Сондай-ақ, жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деді Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, Toyota Camry тізгінінде болған 1997 жылғы жүргізуші ұсталды. Оған айыппұл салынды. Mercedes жүргізушісі мектеп түлектерінің оның көлігінің терезесіне шығып алғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал төртінші көлік Mercedes-Benz-тың 27 жастағы жүргізушісі де жолаушыларды тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
"Жүргізушінің осы уақытқа дейін осындай ереже бұзушылықтар жасағаны белгілі болды. Бұл одан жүргізуші куәлігін тартып алуға негіз болады", - деді Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда мектеп түлектерінің кортежі видеоға түсірілген еді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 12.00-де болған. Ал видео әл-Фараби даңғылының бойында Жароков көшесімен қиылысар жерге жетпей түсірілген. "Алдында лимузин келе жатты, артынан тағы бір машина бар", - деген еді куәгер. Оның айтуынша, көліктер Фурманов көшесіне қарай бара жатқан.