2024 жылғы 9 желтоқсанда Доха қаласында Қазақстан-Қатар сауда-өнеркәсіп палатасы мен KazService мұнай-сервистік компаниялар одағының қолдауымен Екінші инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді. Бұл шара екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мен жаңа нарықтарды игеру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қазақстандық кәсіпкерлерге ұйымдастырылып отыр.
2024 жылғы 9 желтоқсанда Доха қаласында Қазақстан-Қатар сауда-өнеркәсіп палатасы мен KazService мұнай-сервистік компаниялар одағының қолдауымен Екінші инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді. Бұл шара екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мен жаңа нарықтарды игеру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қазақстандық кәсіпкерлерге ұйымдастырылып отыр.
Дөңгелек үстелде Қатар мен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік компаниялары мен мемлекеттік орган өкілдері: құрылыс, энергетика, IT және мұнай-газ салалары бойынша ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылайды.
Қатар: халықаралық серіктестікке ашық нарықтардың бірі
Әлемде табиғи газ қоры бойынша үшінші орында тұрған Қатар алдағы жылдары мұнай-газ саласына 60 миллиард доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Катар мемлекеті серіктестіке әрдайым ашық, соның арқасында біздің қазақстандық компаниялар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Теңіз, Қашаған сияқты ауқымды жобалардағы тәжірибесі бар отандық кәсіпорындар Қатардың болашағы зор нарығында өз орындарын таба алады.
Мысалы, Атыраулық компания Қатардағы Qatargas зауыттарында құрылыс жұмыстарына арналған 10 миллион катар риалынан астам (1,36 миллиард теңге) келісімшартқа қол қойып, қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатыр.
Құрылыс саласындағы бірегей мүмкіндіктер
Қатардағы құрылыс нарығы қарқынды дамып келеді: 2024 жылы оның көлемі 66 миллиард долларға жетеді деп күтілсе, 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 97,42 миллиард долларды құрауы мүмкін. Qatar National Vision 2030 бағдарламасы аясындағы ірі жобалар осыларды қамтиды:
- Қатар–Сауд Арабиясы теміржол желісі ($4,2 млрд);
- Элиталық тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік ($15 млрд);
- 2030 жылғы Азия ойындарына арналған стадиондар мен спорт алаңы ($10 млрд);
- Күн электр станциялары мен "жасыл" энергетика ($5 млрд).
Бұл жобалар қазақстандық құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын жеткізушілер және инженерлер үшін орасан зор мүмкіндіктер ашады.
Дөңгелек үстел бағдарламасы пленарлық секция, тақырыптық секциямен B2B кездесулерді қамтиды. Сонымен қатар, IT және қаржы салаларына арналған арнайы секциялар өткізіледі деп күтуде.
Қатардың ірі холдингтері қазақстандық жобаларға инвестиция салуға өз қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл шара жаңа серіктестіктер құрып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға тамаша мүмкіндік береді.
Іс-шараның бас серіктесі және UCC компаниясының акционері — Power International Holding. Аталмыш компания Қазақстанда, соның ішінде Атырау облысында екі газ зауытын салу секілді миллиардтаған долларлық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.
Қатысуға өтінім беру үшін: +7 775 365 8027, +7 7172 57 42 49 телефондарына қоңырау шалыңыз немесе info@qa-kz.org мекенжайына хат жіберіңіз. Толық ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз.