1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Полиция астаналық қызды ұстап әкетпек болған қызметкерлерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті йогамен айналысып жатқандарды ұстамақ болған қызметкерлерінің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полициядағылар бұл жағдайдың 12 мамырда болғанын айтады.

"Мақатаев көшесіндегі бекетте тұрған полиция қызметкерлері жол бойына жақын маңда гүлзар жақта йогамен айналысып жатқан қыздарды байқаған. 

Содан олардан гүлзар жақтан кетуін сұраған, себебі онда спортпен айналысуға болмайды. Қыздар болса полицейдің талабын орындаудан бас тартқан. Полиция қызметкерлері оларға бөлімшеге бару қажет екенін айтқан, алайда олар бұл талапты да орындамай, полицейлерге қарсылық көрсете бастаған.

Сәлден соң қыздардың бірінің анасы хабарласып, инспектордан оларды босатуын сұраған. Содан инспектор оларға ескерту жасап, жіберген. Әлеуметтік желілерде тараған видео толық емес. Полицейдің барлық әрекеті видеобақылау құралына түсірілген", - деді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!