Полиция астаналықтарға үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Фото ©️ Tengrinews.kz /

Полиция Астана тұрғындарына боран мен желдің күшеюіне байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полиция Астана тұрғындарына боран мен желдің күшеюіне байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары астаналықтарды қаладан тыс жерлерге алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.

"13 ақпанда боран мен желдің 30 метр секундқа дейін күшеюіне байланысты жүргізушілерден ерекше мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кенеттен тежемеуді, арақашықтық пен бүйірлік интервалды сақтауды сұраймыз. Көлікті тек белгіленген орындарға қою керек, жеке көлікті жүріс бөлігінде қалдырмау қажет, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау керек.

Түсіністік танытуды сұраймыз және қиын метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, қала сыртындағы жолдарда қозғалыстың мерзімді түрде шектелуіне байланысты қаладан тыс жерлерге алыс сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды сұраймыз", - деп хабарлады Астана Полиция департаменті.

Полиция жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек екенін еске салды. Өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді белгіленген жерлерде кесіп өту, сыртқы киімде жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану, жолды кесіп өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлесуді тоқтату ұсынылады.

13 ақпанда Астанада ауыспалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer