01 шілде 2022 12:02

"Полиция бастығының ұлының үйлену тойы": Алматыда қызметтік тексеру басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видео кадры/t.me/kozachkow Фото: видео кадры/t.me/kozachkow

"Полиция бастығының ұлының" үйлену тойында түсірілген деген видеоға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Полиция бастығының ұлының" үйлену тойында түсірілген деген видеоға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Михаил Козачков Facebook желісінде Алматыдағы тойлардың бірінде түсірілген видеоны жариялады. Оның айтуынша, жіберген адам видеоға "полиция басшыларының бірінің ұлының үйлену тойы түсірілгенін" айтқан.

Видео жиынға қатысушылардың бірінің Instagram-парақшасындағы Stories-тен алынған көрінеді. Кадрларға қарағанда, тойға көп қонақ келгені, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көптеген сыйлық ойнатылғанын байқауға болады. Ойнатылған сыйлықтар ішінде бензин құюға талондар да бар.

Полиция мәліметінше, қызметтік тергеу басталған.

"Автордың айтқан уәждері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзу анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылады", - деді Алматы Полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети