16 тамыз 2021 15:47

Полиция даусы қатты әуен қосқан көліктерді видеоға түсіріп алуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция көлік салонында басқа жүргізушілерге кедергі келтірмеу үшін музыка даусын қатты қоюға болмайды деп ескертті. Құқықбұзушыны жауапқа тарту үшін музыканы дыбысын зорайтын қосқан жүргізушілерді камераға түсіріп алу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлік ішінен ұзаққа естілетін, тым қатты музыка заңбұзушылық па? Ол басқа жүргізушілерді алаңдатады, басқа көліктердің ескерту сигналын және полиция қызметкерлері нұсқауын естуге мүмкіндік бермейді, бұл ЖКО-ға әкелуі мүмкін", - деп сұрады журналист ІІМ брифингінде.

"Ережеге сәйкес, жүргізушілер бір-бірінің құқығын бұзбауы тиіс. Барлық жүргізуші көлік қозғалысы үшін қауіпсіз жағдай жасауға, өзара сыпайы болуға, ережелерді сақтауға және басқаларға кедергі жасамауға міндетті.

Егер біздің елде мұндай деректер анықталса, құқық бұзушылық туралы бейнежазба түсіріп, әкімшілік полиция комитетіне хабарлауды немесе сол жерден 102 нөмірін теруді ұсынамын" ,-  деп жауап берді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети