Полиция “генералдары“ ақша сұрайды: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция “генералдары“ ақша сұрайды: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады Иллюстративті фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство ақпаратынша, соңғы уақытта күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары басшыларының есімдері мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен.

Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде лауазымды тұлғалардың, бұрынғы әріптестерінің немесе таныстарының атын жамылып жалған аккаунттар ашады және түрлі сылтаулармен шұғыл ақша аударуды немесе қарыз беруді сұрайды.

ІІМ келесі шараларды ұсынады:

  • қырағы болу және ақша аудару туралы өтініш хаттарға, тіпті олар таныс адамдардың атынан келсе де, сенбеу;
  • бөгде тұлғаларға SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, парольдерді және басқа да дербес деректерді айтпау;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау;
  • мұндай хабарламалар алған кезде адамның өзіне белгілі телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы хабарласып, ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +18
Ақтау +19
Ақтөбе +16
Атырау +21
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +22
Тараз +24
Түркістан +15
О
Орал +15
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер