26 наурыз 2020 15:08

Полиция "Көкшетаудағы карантинге" қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының полицейлері Көкшетауда карантин жарияланғаны туралы ақпарат жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының полицейлері Көкшетауда карантин жарияланғаны туралы ақпарат жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та таратылған ақпарат 25 наурызда табылған. 

"Хабарламада Нұр-Сұлтан емделушілерінің Көкшетауға жеткізілгендігі, сол себепті қалаға карантин қойылғандығы айтылған. Автор бірнеше сағаттан кейін табылды. Қылмыстық кодекстің 274-бабы - "Жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, аталған дерек бойынша күдікті 1000 АЕК мөлшерінде немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети