29 сәуір 2014 | 10:25

Полиция Рудныйда жоғалып кеткен 7 жасар қыз туралы ақпарат үшін миллион теңге төлемек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганя. Қостанай облыстық ІІД фотосы Виктория Ганя. Қостанай облыстық ІІД фотосы

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті 24 сәуірде Рудныйда жоғалып кеткен 7 жасар Виктория Ганяның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат жеткізген адамға миллион теңге сыйақы төлемек, деп хабарлайды, Tengrinews.kz облыстық ІІД-іне сілтеме жасай отырып. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті 24 сәуірде Рудныйда жоғалып кеткен 7 жасар Виктория Ганяның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат жеткізген адамға миллион теңге сыйақы төлемек, деп хабарлайды, Tengrinews.kz облыстық ІІД-іне сілтеме жасай отырып. 

Қостанай облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Тілеген Маткенов өз еркімен іздеу жұмыстарына атсалысып жүргендердің, блогерлердің еңбегін атап өтті. "Бұл жағдай бәрімізге оңай тиіп отырған жоқ. Полиция мен қоғам мүшелері бірлесіп жұмыс істеуде", деді ол. Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті іздеушілерге Рудныйдың Ішкі істер басқармасына қарасты жедел штабымен бірлесіп әрекет жасауды тағы бір рет өтінді.

Бірінші сыныптың оқушысы Виктория Ганя 24 сәуір күні жоғалып кетті. Ол дос қыздарымен шіркеу аймағындағы көпірдің маңына серуенге шыққан. Сол уақытта оларға бір ер адам келіп, оларға ірі шаяндардың қайда болатынын көрсететінін айтқан соң, Вика сол кісімен еріп кеткен.

Жоғалған қыздың анасы өзінің іздеуінен нәтиже шықпағаннан кейін полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері бірден жедел іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Рудныйдан шамамен бір шақырым жерде, тасжолдан солға қарай Лисаковскіге жеткізетін жолда қыздың басына байлаған орамалы табылған. Бұған дейін жергілікті тұрғын ер адамның кішкене қызды күртешеге орап көтеріп бара жатқанын көргенін айтқан. Сол кісі көрсеткен аймақтан қыздың орамалы табылып отыр. Анасы қызының затын бірден таныды.

Виканың достары оны ұрлап кеткен ер адамның бейнесін нақты суреттеп бере алмады. Белгілісі, ер адам шамамен 30-35 жаста, еуропалық, үстіне қара күртеше, көк джинс шалбар киген. Таяуда әлеуметтік желілерде ер адамның фотороботы пайда болды. Фоторобот жоғалған қыздың достарының суреттеуі бойынша жасалды.

 

Жоғалған қыз немесе күдікті туралы қандайда бір ақпарат болса полиция қызметкерлері келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:  102, 8(714-2) 52-60-22, 52-60-21 и 8(714-31) 45252, 44893.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети