06 мамыр 2014 21:33

Жеті жасар Виктория Ганя әлі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kstnews.kz ©Kstnews.kz

Рудныйда 24 сәуірде жоғалып кеткен Виктория Ганяны іздеу жалғасып жатыр. Қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, күн сайын іздеуге Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 400 адамға дейін шығады, - деп хабарлайды "Наша Газета".


Рудныйда 24 сәуірде жоғалып кеткен Виктория Ганяны іздеу жалғасып жатыр. Қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, күн сайын іздеуге Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 400 адамға дейін шығады, - деп хабарлайды "Наша Газета".

"Қазір біз күшімізді бөлдік: 100 адам Рудный төңірегін қарап шығады, ал 300 адам аулалар мен пәтерлерді тінтеді. Қалаға кіреберістегі тұрақтар барлық көлікті тексеріп жатыр", - дейді полицей.

Еске салайық, бірінші сынып оқушысы 24 сәуір күні күндіз құрбыларымен шіркеу маңына қарай ойнауға шығып кеткен. Құрбыларының айтуынша, оған бір ер адам жақындап келіп, ірі шаяндарды көрсететінін айтқан. Вика оның айтқанына келісіпті.

Содан бері қыз баладан хабар жоқ. Кейін Рудныйдан Лисаковскіге қарай 1 шақырым қашықтықтан оның орамалы табылды. Бір ер адамның қыз баланы күртесіне орап алып бара жатқанын жергілікті қариялардың бірі байқап қалған. Қария айтқан жерден табылған орамалды қыздың анасы жазбай таныды.

Құрбыларының айтуымен қызды ұрлап кеткен адамның фотороботы жасалды. Ол 30-35 жастағы ер адам, шамамен еуропалық, қара күрте мен көк джинсы киген. Баланы ұрлаған адам туралы ақпарат үшін полиция 1 млн теңге сыйақы әзірлеп отыр.

Ұрланған қыз бала мен күдікті туралы білетіндердің мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуы қажет: 102, 8(714-2) 52-60-22, 52-60-21 и 8(714-31) 45252, 44893.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети