Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.
"Оқ тиіп, алған жарақаты салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы қайтыс болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан, оның денесін елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барған, сол жақта оған оқ тиген. Ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернаттың оқушысы болған.
Қазақстан азаматына оқ атқан күдікті әзірше ұсталған жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!