11 қараша 2020 09:09

Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша тұрғындары 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты гүл шоқтары мен шырақтар қойды, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"


Польша тұрғындары 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты гүл шоқтары мен шырақтар қойды, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Ополе-Любельске қаласында жергілікті белсенділер наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар болған жайтқа наразы. Айта кетейік, 3 қарашада аңшы 16 жастағы қазақстандық студентті атып өлтірген болатын. 

"Ол жігіт бағдарламашы болуды армандап, біздің еліміздегі мықты сарапшылардан білім алуға келді. Енді оның орнына үйіне сүйегін апара жатыр. Бұл сұмдық қой!", - дейді наразылық акциясын ұйымдастырушы Михаль Вольный. 

Митингіге шыққандар аңшылардың құқығын шектеуді, оларға үнемі тексеріс жүргізіп, тұрғын үйлердің маңында қару қолдануға тыйым салуды талап етті. 

"Бақылаусыз әрекет етіп жүргендерін көріп отырсыздар. Қалағанын істейді, адамдарды өлтіреді! Иманәлидің басынан өткен қайғылы жағдай ешқашан қайталанбағанын қалаймыз", - деді белсенді. 

Еске салайық, 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген аңшы студентті қабан деп ойлап қалғанын айтқан. Ол 8 жылға сотталуы мүмкін. Екінші адам жәбірленушіге дер кезінде көмектеспегені үшін күдікке ілінген. Ол 5 жылға сотталуы мүмкін. 

Польша аңшылар қауымдастығының өкілдері күдікті қылмыс жасаған кезде аңшылықпен емес, браконьерлікпен айналысқанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети