1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Польшада қазақстандық жауынгерлердің 56 қабірі табылды 28 қараша 2020, 16:20

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден
Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгердің тізімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты жыл көлемінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізді. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлерінің 56 зираты табылып, орнатылды. Тұлғаларды анықтау және өлімнің мән-жайын анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Еліміздегі Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.

"Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жетпіс бес жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің туысы және атасы болып табылады. Жақындарыңыздың Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды", - деп атап өтті музей бастығы подполковник Нұртаза Әсілов.

Тізімді алғаннан кейін мұражай Қызыл Армияның туыстарын іздеу бойынша жұмыс жүргізеді.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!