07 сәуір 2014 | 15:50

Поляктар бауырларының басына белгі қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Поляк сарбаздары басына қойылған белгі тас Поляк сарбаздары басына қойылған белгі тас

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округінен өтетін теміржол резъезінің аумағында 32 польшалық сарбаз жерленген. Бұл туралы ауылдың қариялары Х. Юлдашев пен А. Тошходжаевтың мәліметтеріне сүйене отырып ескерткіш орны белгіленген екен. Жуырда басына құлпытас қойылған осы әскерилердің рухын еске алуға Польшадан арнайы 47 қонақ келді. Құрметті қонақтарды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков күтіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Иконка комментария блок соц сети

Польша Республикасының соғыс құрбандары мен оның зардабын шеккендердің есімдерін қорғау жөніндегі кеңестің бас хатшысы Анджей Кунер мен осы елдің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский бастаған Польша Республикасының делегациясы Манкенттегі солдаттардың басына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз еске алды. Әрі осында жерленген польшалық әскерилердің құрметіне орнатылған мемориалдың ашылу салтанатына қатысты.

Тарихи деректерге сүйенсек, жасалған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес 1941 жылы генерал Андерстің әскерлері Орта Азия аумағында Герман фашистеріне қарсы күрес жүргізу үшін жергілікті тұрғындарды әскери шеберлікке баулыған. Дегенмен, 1942 жылы поляк солдаттары жұқпалы ауруға шалдығып қаза болған. Қайтыс болған жауынгерлер бүгінгі Манкент ауылында жерленген. Қаза тапқан отандастарын мәңгілік есте сақтау мақсатында польшалық «ВULMEX-BARCІCE» фирмасы мемориалды ескерткіш орнату жөнінде ұсыныс көтеріп, оның құрылысын қаржыландырған.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде қонақтар Польша мен Қазақстанның етене достығын айта келе, дос елдерді ортақ тарих байланыстыратынын тілге тиек етті. Әрі еліміздің қонақжайлылығына алғыстарын білдіре отырып, екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға шақырды. Айта кетерлігі, Қазақ жеріне тарихи себептермен келіп, осында дүниеден өткен поляк сарбаздарының жерленген жерлері күнгеймен іргелес Жамбыл өңірінде де бар. Өңіріміздегі сапарын тәмамдаған делегация құрамының ендігі бағыты 212 сарбаз жерленген Шақпақата мекені болмақ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети