09 қазан 2015 17:07

Порошенко Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Украинаны достық және өзара құрметке негізделген тығыз тарихи қарым-қатынастар байланыстыратынына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бүгінде тегі украин 300 мыңнан аса азаматтың тұрып жатқанына, олар біздің қоғамның бөлінбес бөлшегі ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосып отырғанына назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мейлінше өзекті саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған шағын құрамдағы кездесудің нәтижелі болғанын айтты.

"Көптеген мәселелер жөнінде бізде толық түсіністік бар. Мемлекетаралық комиссияның алдағы отырысы барысында барлық негізгі бағыттар егжей-тегжейлі пысықталады. Бүгінгі бизнес форум да іскер топтарымыздың арасындағы ынтымақтастыққа өз үлесін қосатын болады. Қазір обьективті себептерге байланысты тауар айналымының төмендегеніне қарамастан, біз ынтымақтастығымызды бұдан әрі де нығайта түсу үшін мүмкіндіктер тауып отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Украина президенті тарихи оқиға - Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекеленіп жатқан кезде сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Порошенко бүгін өткен келіссөздер сауда-экономикалық, гуманитарлық және саяси серіктестікті жандандыруға септігін тигізетініне де сенім білдірді.

"Мен Сізге елдеріміздің арасындағы сенімге, өзара құрметке негізделген саяси диалогты дамытуға деген ниетіңіз үшін ризамын. Біз Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының әлеуетін іске асыруға тиіс екенімізге сенімдімін. Қазақстанның іргелі халықаралық құқық қағидаттарын берік ұстанатындығы, сондай-ақ Сіздің елдің халықаралық ұйымдарда жоғары рөл атқарып отырғаны мен үшін және бүкіл украин халқы үшін аса маңызды", - деп атап өтті Украина президенті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети