16 қаңтар 2024 12:12

Премьер-министр әкімдіктерді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/KZgovernment Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерді электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерді электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, бұрын басталған ірі жобаларды іске асыру созылып кетті. Солардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші энергия блогын салу жұмыстары.

"Бір ай мерзімде құрылыс жұмыстарын бастау қажет", - деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса батыс энергетика аймағын Бірыңғай ұлттық жүйеге қосу мәселесі шешімін таппай отыр. Осыған байланысты "KEGOС" компаниясына биыл "Ақтөбе – Атырау" электр беру желісін салу жұмыстарын бастау тапсырылды.

"Бүгінде Энергетика министрлігі жаңа газ генерациялау объектілерін салу орындарын айқындады. Олар – Қызылорда, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалалары. Осы жобаларды іске асыру үшін ақпан айының соңына дейін қажетті рәсімдерді бастау қажет", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы әкімдіктердің өңірлік электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғанын айтты.

"Өңірлік электр желілік компаниялары өздерінің инвестициялық бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын бақылап отырған жоқ. Бұған желтоқсан айында еліміздің солтүстік өңірлерінде электр қуатының жаппай өшіп қалуы дәлел. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік электр желілік компаниялардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс", - деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети