02 ақпан 2021 11:41

Премьер-министр үкіметтің 2021 жылғы негізгі мақсатын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында экономикалық белсенділікті қолдау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, салық және бюджет саясатын жетілдіру, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін дамыту және басқалары жөніндегі шаралар әзірленді. Үкімет АӨК, мұнай-газ химиясын, электр энергетикасын, су ресурстарын басқаруды, "Жасыл Қазақстан" экологиясын және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды әзірлейді.

"Құрылымдық және ынталандыру шаралары халық пен бизнесті жан-жақты қолдауды, олардың жаңа жағдайларға бейімделуін, сондай-ақ экономикалық белсенділікті жандандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа шынайылық жағдайында шикізаттық емес экспортты проактивті ілгерілетуге және инвестицияларды нысаналы тартуға бағдарланған өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударымыз қажет. Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуға қарқын беруі тиіс", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Премьер-министр Үкіметтің 2021 жылғы негізгі мақсаты - экономикалық өсімді 3 пайызға қамтамасыз ету, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды ЖІӨ-нің 20 пайызна дейін және шағын және орта бизнес үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе арттыру, өңдеу өнеркәсібін 10 пайызға өсіру, жұмыссыздықты 4,9 пайызға дейін қысқарту екенін атап өтті.

Мамин Ұлттық экономика министрлігіне екі күн мерзімде премьер-министр кеңсесіне Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жол картасының жобасын енгізуді тапсырды.

"Басты міндет - азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру. Үлкен жұмыс істеу керек, Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі нәтижелі түрде орындау қажет", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети