Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасындағылар жекеменшік медициналық орталықта полицейдің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасындағылар жекеменшік медициналық орталықта полицейдің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқармадағылардың айтуынша, 25 қыркүйек сағат 15.52-де Шымкенттің жедел жәрдем станциясына жекеменшік медициналық орталықтан хабар түсті.
"Шақырту 1988 жылғы ер адам үшін жасалды. Себебі - есінен тану. Сағат 15.53-те шақырту бригадаға жеткізілді. Сағат 16.03-те жедел жәрдем медорталыққа жетті. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенде ер адамның көз жұмғаны анықталды. Медорталық қызметкерлерінің айтуынша, "Офло" препаратын салғаннан кейін ол есінен танған", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы бұл дерекке қатысты тексеру жүргізу туралы ҚДСД-ға хат жолдады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жекеменшік клиникада полицейдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Шымкент ІІД мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.