Президент Әкімшілігі өкілі Pegasus тыңшылық бағдарламасы туралы пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев БАҚ-та пайда болған Pegasus тыңшылық бағдарламасы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев БАҚ-та пайда болған Pegasus тыңшылық бағдарламасы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір барлық әлемдік БАҚ Pegasus жүйесіне қатысты жанжал туралы жазып жатыр. Бұл жанжалда біздің ел де бар. Елдің жоғарғы билігінің ішінен бақылау жүргізілуі мүмкін нақты адамдар туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты бүкіл ел осы мәселе бойынша мемлекет не айтатынын күтеді", - деп сұрады Абаевтан "Открытый диалог" бағдарламасының жүргізушісі Александр Трухачев.

"Нақты ештеңе білмейтін нәрсеге түсініктеме беру қиын. Ешқандай дәлелсіз өте қызықты ақпарат беріліп, бізге соған сене салуды ұсынып отыр. Бұл тізімге кез келген адамды қоса салуға болады, осылайша елде элитаның, журналистердің және т.б. арасында күмән тудырады. Менің ойымша, ақылға қонымды скептицизм принципін ұстану маңызды. Әзірше басқа айтарым жоқ", - деп түсіндірді Абаев.

Еске салайық, бұған дейін әлем бойынша журналистер мен құқыққорғаушылардың смартфондарынан тыңшылық бағдарлама анықталғаны хабарланған еді. Бұл туралы бірнеше ай бойы жүргізілген "Pegasus жобасы" журналистік тексеру қорытындысында айтылған. Жобаға неміс бұқаралық ақпараттары қатысқан. Құрамына 16 редакция кірген (NDR, WDR, Süddeutsche Zeitung және Die Zeit басылымдары, сондай-ақ Amnesty International және Forbidden Stories құқық қорғау ұйымдары) журналистік консорциум қолына бірнеше елдің 50 мың телефон нөмірі бар тізімі түскен. Бұл нөмірлер бойынша тыңшылық жұмыс жүргізілген болуы мүмкін екені айтылады. 

Кей мәлімет бойынша, Pegasus телефондарында 2 мыңға жуық қазақстандық болған, қазір тізімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, экс-премьер-министр, қазір Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, журналистер Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин және құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина бар.

Айта кетейік, кейбір елдер журналистік тергеу қорытындылары жарияланғаннан кейін тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro