19 шілде 2021 09:06

Журналистер мен құқыққорғаушылардың смартфондарынан тыңшылық бағдарлама анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Авторитарлық мемлекет биліктері мен түрлі арнайы қызметтер NSO Group израильдік фирмасы жасаған тыңшылық бағдарламамен жылдар бойы жүздеген құқыққорғаушыны, журналистер мен саясаткерлерді аңдыған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы бірнеше ай бойы жүргізілген "Pegasus жобасы" журналистік тексеру қорытындысында айтылады. Жобаға неміс бұқаралық ақпараттары қатысқан.


Авторитарлық мемлекет биліктері мен түрлі арнайы қызметтер NSO Group израильдік фирмасы жасаған тыңшылық бағдарламамен жылдар бойы жүздеген құқыққорғаушыны, журналистер мен саясаткерлерді аңдыған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы бірнеше ай бойы жүргізілген "Pegasus жобасы" журналистік тексеру қорытындысында айтылады. Жобаға неміс бұқаралық ақпараттары қатысқан.

Құрамына 16 редакция кірген (NDR, WDR, Süddeutsche Zeitung және Die Zeit басылымдары, сондай-ақ Amnesty International және Forbidden Stories құқық қорғау ұйымдары) журналистік консорциум қолына бірнеше елдің 50 мың телефон нөмірі бар тізімі түскен. Бұл нөмірлер бойынша тыңшылық жұмыс жүргізілген болуы мүмкін екені айтылады. 

1000-нан аса жағдайда осы нөмірлердің иелерін анықтау мүмкін болған, олардың ішінде Франция, АҚШ, Үндістан, Марокко, Мексика, Венгрия және басқа да бірқатар елдердің жоғары лауазымды шенеуніктері, адвокаттары, журналистері мен құқыққорғаушылары бар болып шыққан. Олардың ішінде әзербайжандық оппозициялық журналистер Хадиджа Исмаилова мен Севиндж Вагифгызы  да бар екен.

Тексеріс жүргізушілер олардың бірқатарымен байланысқа шыққан. Тәуелсіз IT-сарапшыларға iOS және Android операциялық жүйелерінде бар кездейсоқ таңдаумен 44 жағдай ұсынылған. Олардың 37-сінен тыңшылық бағдарлама табылған. Apple смартфондарында да мұндай тыңшылық бағдарлама орнатылған.

Ал осы бағдарламаны өндіргендер мұны қолдану заңды дейді. NSO Group атынан жарияланған мәлімдемеде фирма клиенттері терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен, педофилдермен және балаларды ұрлаушылармен күресетін ресми мемлекеттік ұйымдар екені айтылған. 

Мұның алдында Pegasus 2018 жылы Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы мемлекеттік консулдығы ғимаратында өлтірілген оппозициялық журналист Жамал Хашоггиге  қатысты да қолданылған болуы мүмкін екені айтылған.

Pegasus троян бағдарламасын адам телефонына оп-оңай орнатуға болады: қаскөйлер жіберген сілтемеге баса салса жеткілікті. Осыдан кейін бағдарламаны қолданушының қолына бөтеннің смартфонындағы барлық файл, қосымшалар, камера мен микрофон түседі. Бұл бағдарлама туралы 2016 жылдан бері айтылып, жазылып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети