17 наурыз 2014 19:44

Президент әлемдегі оқиғалардың экономикамызға әсерін бақылауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аkorda.kz ©Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке әлемде болып жатқан оқиғалардың отандық экономикаға ықпалын бақылап отыруды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық банк төрағасының Мемлекет басшысымен кездесуі барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды. "Қайрат Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 6,1%-ға, 26 млрд долларға дейін ұлғайғанын хабарлады", - делінген Ақорданың ресми сайтында. Елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 млрд долларға жетті. "Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети