06 мамыр 2021 13:36

Президент әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

І дәрежелі "Даңқ" орденімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Талғат Мұхтаров марапатталған.

ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Кендебай Адамбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов,  Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы  Арман Жұмағалиев наградталды.

І дәрежелі "Айбын" ордені Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары Әділжан Алшыновқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментінің бастығы Нұрлан Қонысовқа берілді.

ІІ дәрежелі "Айбын" ордені Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Өскемен қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Нұржан Кәкеевке, Бас прокуратураның департамент бастығы Серік Кәріпбековке, Қаржылық мониторинг агенттігі Тергеу департаментінің басшысы Саят Саукомбековке, Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасеновке берілген.

ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Батыр" президенттік полкінің маманы Евгений Пивеньге табысталған.

"Құрмет" орденімен Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова марапатталды.

"Ерлігі үшін" медалімен Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің аға инспекторы Дархан Әбдікәрімов, Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Владимир Беляков, Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Айдархан Кемаладинов, Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Талдықорған қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының инспекторы Дәурен Нәрікбаев, Ішкі істер министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті РУ-170/1 мекемесінің бақылаушысы Абылай Төлеев наградталды.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі Қорғаныс министрлігінің 18404 әскери бөлімі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі Жасұлан Байбарақовқа, Қорғаныс министрлігі 15632 әскери бөлімінің командирі Жанат Бектұрғановқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департамент бастығы Елнұр Бисембаевқа, Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімінің аға офицері Максим Добросельскийге, Қорғаныс министрлігінің 21450 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны ротасының технигі - аға механигі - жүргізушісі Нұржан Жарияқұлға, Қорғаныс министрлігінің 21814 әскери бөлімі зымыран-артиллериялық кемесінің (3-дәрежелі) командирі Бауырғали Имашевқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының аға инспекторы - ұшқышы - бағыт аға офицері Ерлан Қозғұловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Шынаркүл Сейдахметоваға берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети