05 қазан 2018 12:28

Президент екінші Назарбаев Университетін ашуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент екінші Назарбаев Университетін ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент екінші Назарбаев Университетін ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, университеттер жұмысқа орналасқан түлектердің санына қарап бағалануы тиіс.

"Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды, - деді Назарбаев.

Осы ретте Қазақстан Президенті Назарбаев Универсиеті сияқты тағы бір оқу орнын ашуды тапсырды.

"Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын. Ол политехникалық университет болатын шығар", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Назарбаев Университет Президенттің бастамасы бойынша 2010 жылы ашылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети