03 мамыр 2015 18:10

Президент ғалым Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©zs.808.kz ©zs.808.kz

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қилыбай Медеубековтің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы, білікті ғалым ретінде еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқаны атап өтілген.

"Қилыбай Үсенұлы ауыл шаруашылығы саласына арнап көптеген мамандар мен ғалым шәкірттер даярлап, өзіндік мектебін қалыптастырды. Оның маңызды ғылыми еңбектері және жолын жалғастырушы ізбасарлары алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті республикамыздың дамуына көп еңбек сіңіріп, ғылымда айрықша із қалдырған Қилыбай Медеубековтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети