25 мамыр 2024 13:04

Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иордания - Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Королінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас иордан халқына құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети