19 мамыр 2022 18:30

Президент: "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" ұраны бос сөз емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен кездесуде Жаңа экономикалық саясатты құруды тапсырған болатынмын. Бұл жұмыс жақсы жүріп жатыр деп айта алмаймын. Ой мен идея дефициті бар секілді. Бұл дағдарысқа қарсы шараларға да қатысты.  

Мен блогосферада белсенділік танытқан және түрлі сын-ескертпе айтқан кәсіпкерлер мен экономистерді шақырып, Үкімет жанынан жұмыс тобын құруды тапсырдым. Бірақ бұл адамдар ұзаққа шыдамады, идеялар мен нақты ұсыныстар да болмаған секілді.

... Жиында отырғандардың бәріне айтарым: "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" ұраны бос сөз емес. Кәсіпкерлердің, экономиканың нақты секторы өкілдерінің бұл іске атсалысуы өте маңызды", - деді Президент кәсіпкерлермен кездесуде. 

Еске салайық, бүгін Ақордада Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. Шараға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети