16 қараша 2021 18:00

Президент жаңа тұрғын үйлермен қатар мектеп пен балабақша салуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тұрғын үй кешенін салу кезінде міндетті түрде мектептер мен балабақшалар салынуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Тоқаев мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі туралы айтты. Ол өзінің таяудағы жолдауында 2025 жылдың аяғына дейін 1 000 мектеп салуды тапсырғанын еске салды.

"Тұрғын үйлерді салу кезінде оған қатар мектептер мен балабақшалар да салынуы тиіс. Үкіметке осы талаптың сақталуын қатаң қадағалауды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент студенттерге грант бөлу схемасын өзгертуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети