16 наурыз 2022 | 12:01

Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

"Біз ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын", - деді Президент. 

Айта кетейік, Қапшағай-Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған.

Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети