Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Президент: Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек 23 маусым 2022, 16:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құруға ынталы екенін мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Бұл – азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, Президенттің пікірінше, азаматтық белсенділердің барлық әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға және парасаттылыққа қатаң сәйкес келуі өте маңызды.

"Заңды бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің адамдық қадір-қасиетіне, кәсіби ар-намысына қарсы бағытталған әрекеттерге баратындар заңнамамызға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram