"Президент коронавирусқа қарсы отандық екпені келесі жолы салдыруға ниетті" - баспасөз хатшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Президент коронавирусқа қарсы отандық екпені келесі жолы салдыруға ниетті" - баспасөз хатшы Фото: akorda.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың "V Спутник" вакцинасын салдырғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың "V Спутник" вакцинасын салдырғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда.

Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті", - деп жазды Берік Уәли.

Баспасөз хатшы Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді екенін қосты. 

6 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды фармацевтикалық зауыты шығарған "Спутник V" вакцинасын салдырғанын хабарлады.

2021 жылдың қаңтарында Президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда егілетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды фармацевтика кешенінде ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру басталды. Бастапқыда зауытта 2 миллион доза өндіру жоспарланған болатын. Ақпанда Үкімет Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети