23 наурыз 2020 14:26

Президент министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде министрлер мен әкімдерге ескерту жасап, батыл шешімдер қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде министрлер мен әкімдерге ескерту жасап, батыл шешімдер қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен президент мемлекеттік органдардың жұмысын қайта қарау қажетін жеткізді.

"Барлық мемлекеттік аппарат тез арада жұмысын қайту қарауы керек. Қазіргідей жағдайда мемлекетті басқаруды түбегейлі өзгерткен жөн. Өзіңе жауапкершілікті алып, батыл, тиімді шешімдер қабылдау қажет. Мен өз тарапымнан мемлекеттік басқару жүйесіне дағдарысқа қарсы жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бірқатар жарлыққа қол қойдым. Осылайша, мемлекеттік органдардың бюджеттік процесс, бағаны реттеу, мемлекеттік сатып алулар, жеңілдіктерді ұсыну және тағы басқа мәселелерді шешуге барлық мүмкіндігі бар", - деді Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Сондай-ақ ол әкімдер мен министрлерге ескерту жасады.

"Мен әрбір үкімет мүшесіне, әкімге "басқаша жұмыс істеу режиміне көшу" қажетін жеткізгім келеді. Қазіргі қиын жағдайды түсінбей, бұрынғыдай сақтықпен "ештеңе болып жүрмесін" деп әрекет еткендер жұмыс орындарын босатуы керек. Әйтпесе, біз бұл тартыста жеңіске жете алмаймыз. Мемлекеттік органдар қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз ету керек. Оның ішінде мемлекеттік комиссияның қызметі мен жұмысын түсіндіру де бар. Премьер-министрге бұл жағдайды бақылауға алуды тапсырамын", - деді Қазақстан президенті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети