06 ақпан 2014 | 16:50

Президент мұрағатының директоры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борис Жапаров. ©biografia.kz Борис Жапаров. ©biografia.kz

Президент мұрағатының директоры тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Енді бұл қызметті Борис Әлікенұлы Жапаров атқаратын болды. Ал бұрынғы мұрағат жетекшісі Владимир Николаевич Шепель Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды. Б.Жапаров Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туылған. 1976 жылы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін) "Автоматтандырылған басқару жүйесі" мамандығы бойынша бітірген. 1976-1989 жылдары - инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақ политехникалық институтында зертхана меңгерушісі болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1996 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кабинетi жанындағы Білiктілiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттiк институтында (қазіргі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы) кафедра меңгерушісі, ғылыми-методикалық жұмыстар бойынша проректоры және бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 1997-1999 жылдары - Қазақстанның Түрік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, 1999-2000 жылдары "NOKIA NETWORKS OY" белгілі телекоммуникациялық бірлестігінде еңбек еткен. 2001-2004 жылдары - Білім беру желісі академиясында халықаралық байланыстардың директоры, жоба жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2001 жылы "КазРЕНА" Қазақстан ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығын құрды, кейіннен оның бас директоры болып сайланды. Сонымен бірге ол Елбасының "Құрмет" орденімен, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен, НАТО-ның Құрмет сертификатымен марапатталған. Ғылым мен техника төңірегіндегі ең жақсы өңдеу үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері атанған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети