27 ақпан 2015 | 15:45

Президент сайлауы жоғары демократиялық стандарттарға сай ұйымдастырылады - Ыдырысов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Ыдырысов. ©Тұрар Қазанғапов Ерлан Ыдырысов. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Президент сайлауына қатысты брифинг өткізді. Министр жиын барысында Орталық сайлау комиссиясына сенімін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Брифингке Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Президент сайлауына қатысты брифинг өткізді. Министр жиын барысында Орталық сайлау комиссиясына сенімін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Брифингке Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, министр брифинг барысында Қазақстанның сайлау үдерісін жоғары демократиялық стандарттарға сай ұйымдастыруды қамтамасыз ететіні туралы сөз қозғады. 

"ҚР Орталық сайлау комиссиясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен басқа да беделді халықаралық ұйымдардың бұдан бұрын жасаған ұсыныстарын ескере отырып, сайлауды өткізудің жоғары ұйымдастыру дәрежесін қамтамасыз ететініне сенемін, ал басқа мүдделі органдар олардан ҚР заңнамасы талап ететін шараларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салады", - деп мәлімдеді Ыдырысов.

Сонымен қатар, министр Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдарды, шетелдік бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сайлауға бақылау жүргізу үшін шақыратыны туралы хабарлады.

"Біз сайлау үдерісінің ашықтық, әділеттілік және бәсекелестік қағидаларына, азаматтардың ішкі заңнама нормаларына және халықаралық стандарттарға сай өз ойларын еркін білдіруін қамтамасыз етуге бейімділігімізді растаймыз", -  деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген болатын. Елбасы өзінің алдағы сайлауға қатысуы туралы шешімді Конситуция мен елдің заңдарына сәйкес сәл кейінірек қабылдайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети