15 желтоқсан 2021 | 17:03

Президент: Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ең басты міндетіміз бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау екеніне тоқталып, Тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ең басты міндетіміз бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау екеніне тоқталып, Тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген  қас-қағым сәт. Ал өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі.

Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан ары нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны жалғастыра береміз", - деді Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде.

Президент ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтай білу екенін айтты. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінеді. Оның айтуынша, біздің мақсатымыз – осы.

"Қазіргі ауқымды жұмыстың бәрі жарқын болашақ үшін жасалып жатыр. Егемендік кезеңінде ойы азат, рухы биік Тәуелсіздік перзенттері өсіп-жетілді. Шын мәнінде, олардың әлеуеті өте зор, мүмкіндіктері орасан. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, үмітін ақтайды деп сенемін.

Тұғыры мызғымас мықты мемлекетіміз бар. Даму жолымызды нақты нұсқап тұрған стратегиялық мақсаттарымыз бар. Еліміз өзінің сара жолынан айнымай, алға қадам баса береді. Біз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

Баға жетпес құндылығымызды қастерлеп, қуатты Қазақстанды дамыту үшін бәріміз жұмылып, бір ел болып аянбай еңбек етейік. Жалпыұлттық мерейтойымыз құтты болсын! Еліміздің абыройы асқақтап, беделі биіктей берсін! Елбасымыз аман болсын! Қазақстанымыз мәңгі болсын!", - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып отыр. Бұған дейін ол елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, елдің өркендуі және ғылым саласы туралы айтып өткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети