15 желтоқсан 2021 16:54

Токаев: Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін ең алдымен, ел иесі - қазақ халқы жауапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, елдің өркендуі және ғылым саласы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, елдің өркендуі және ғылым саласы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы жауапты. Осыны жете түсінетін кез келді. Біз әрдайым кеңпейіл болып, өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытуымыз керек. Сонда ғана берекелі бірлігімізді сақтап, тату-тәтті өмір сүреміз. Қазақстан сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің арқасында зор жетістікке жетті. Мен осы мерейлі сәтте Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлесі үшін дүйім жұртқа алғыс айтамын!" - деді Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы еліміздің өркендеуіне әр азамат үлес қосқанын айтып, түрлі кәсіп иелерінің еңбегін жеке-жеке атап өтті.

"Өнерпаздар әлемді мойындатып, Тәуелсіз Қазақстанды жержүзіне танытты. Спортшылар дүбірлі додаларда туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті. Кәсіпкерлер өндіріс орындарын ашып, жұртты жұмысқа тартты. Мұнайшылар "қара алтын" өндіріп, қазынамызды байытты. Кеншілер жер қойнауын игеріп, игілігімізді еселеді.

Мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет етіп, елдігіміздің тұғырын бекіте түсті. Құрылысшылар миллиондаған шаршы метр үй, мыңдаған шақырым жол салып, өрісімізді кеңейтті. Диқандар дән егіп, шопандар төрт түлігін өргізіп, ырысымызды көбейтті.

Әскери қызметшілер ел шебін қас қақпай күзетті. Тәртіп сақшылары тыныштығымызды, қауіпсіздігімізді қорғады. Төтенше жағдай қызметкерлері қатерден қаймықпай, талай жанды аман сақтап қалды. Зиялы қауым мәдениетімізді байытып, ғылыми әлеуетімізді арттырды.

Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Барлық жетістігіміз – түрлі кәсіп иелерінің ерен еңбегінің жемісі. Ұстаздарымыз ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа белеске жол ашты. Дәрігерлеріміз ұлт саулығы үшін барлық күш-жігерін салып еңбек етті", - деді Тоқаев.

Президент үздік әдеби туындыларымыз алғаш рет әлем тілдеріне аударылғанын айтып, егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылғанына, ұлт киносы әлемге таныла бастағанына тоқталды. Сондай-ақ, ауқымды "Мәдени мұра" бағдарламасы жүзеге асырылғанын айтты. Көптеген құнды жәдігеріміз елдің игілігіне айналды. Тарихи-мәдени мұралар инфрақұрылымы біртіндеп кеңейіп, 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды.

Президент коронавирус індетіне қарсы жасалған отандық вакцина туралы да сөз қозғады. Бұл жетістік ұлттық медицина ғылымының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдағы мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр.

Сондай-ақ, Ғылым саласын дамытуға арналған қаржы көлемі бірнеше есе артқан. Соның арқасында жаңа институттар мен ғылыми орталықтар ашылып, жас ғалымдар қатары көбейді.

"Ұлт саулығын сақтау үшін мемлекетімізде бұқаралық спортпен және денешынықтырумен айналысуға жағдай жасалуда. Елімізде 38 спорт нысаны бой көтерді, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды.

Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды. Елордамызда медицина кластері құрылды. Қомақты инвестицияның арқасында фармацевтика саласында маңызды қадам жасалды. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети