Президент Тоқаев қаза болған полицейлер мен әскерилерді наградтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев қаза болған полицейлер мен әскерилерді наградтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәріпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилерді мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:

 ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
  • Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы 
  • Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері
  • Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы;
  • Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының  1-бөлімінің учаскелік инспекторы;  

 ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі;
  • Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;
  • Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;
  • Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі;
  • Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;
  • Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы;
  • Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;
  • Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы  5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;
  • Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) –  Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;
  • Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

  • Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі", - делінген жарлық мәтінінде.

 Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +22
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +27
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +22
П
Павлодар +22
Петропавл +19
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +23
О
Орал +18
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер