28 қаңтар 2022 16:20

Президент Тоқаев Nur Otan-ның жұмысын сынға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ның жұмысын сынға алып, партияның барлық жұмысын түбегейлі қайта құру қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ның жұмысын сынға алып, партияның барлық жұмысын түбегейлі қайта құру қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Nur Otan елді жан-жақты жаңғыртудың бұрын ұсынылған ауқымды күн тәртібін іске асыруға белсенді атсалысуы тиіс екенін атап өтті. Бірақ бұл үшін Nur Otan өзі жаңаруы тиіс. Алда мынадай басымдықтарға баса назар аудару міндеті тұр.

"Біріншіден, партия қатарындағы ынтымақты нығайту, қоғамның барлық сындарлы күштерін біріктіру. Бізге әртүрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, өз қатарымызға азаматтардың сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тарту керек. Өкінішке орай,  "Қазіргі таңда партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның ауқымды инфрақұрылымы толық пайдаланылмай отыр. Nur Otan шын мәнінде, нақты істердің партиясы бола отырып, партияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс", - деді ол.

"Екіншіден, партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеу керек. Мемлекеттік аппараттың өз функциясы бар, партияның қызметі мүлдем басқа деді", - Тоқаев.

"Нұр-Отан" негізінен, идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы керек, қажет жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысына бағыт-бағдар беруі керек. Өткен жылғы сайлаудың қорытындысы бойынша Nur Otan халықтан қажетті сенім мандатын алды. Алайда атқарушы билік өкілдерінің қолынан келетін сенім мандатын пайдаланбады, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына жол берді. Нұсқаулар, жоспарлар, тапсырмалар көбінесе формальды түрде, қағаз жүзінде орындалды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет жоспардың 74 пайызының орындалғаны туралы есеп берді. Бірақ бұл ақпараттың шын екеніне кім кепілдік береді", - деп сұрады Мемлекет басшысы.

Тоқаев партияның одан ары өміршеңдігі сайлау алдындағы уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну қажеттігін атап өтті.

"Менің пайымдауымша, шындықтан алшақ, орындалмайтыны анық уәдені бермеген дұрыс. Уәде аз болғаны жақсы. Сондықтан партия үкіметпен және әкімдіктермен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың жұмысына толықтай тексеру жүргізуі керек. Сайлаудағы уәделерді орындау керек. Түрлі айла-амалдар, жұмысты бюрократизациялау әлеуметтік күйзелістерге әкеліп соқтырады", - деп қосты Тоқаев.

Жаңа реформаның күн тәртібіндегі мәселелердің орындалуына да қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет екенін айтты Мемлекет басшысы. Үкіметке нақты міндеттер жүктелген. Партия олардың сапалы орындалуын ынталандыруы керек. Бұл үшін барлық ресурстар бар, деп қосты Тоқаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы партияның құрылымын қайта қарап, оңтайландыру арқылы ұйымдық тиімділігін арттыру керектігін атап өтті.

"Партия аппаратын сервистік үлгіге қарай қайта құруға баса назар аудару керек. Сондай-ақ ұйымдық құрылымды қайта қарау қажет. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына жауапты хатшы, сондай-ақ партия төрағасының лауазымы қарастырылсын. Тиісті саладағы басқа да хатшылар сияқты. Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленетін ашық және тиімді алаңға айналуы керек. Олар өзекті мәселелерді шешудің нақты тетігіне айналуы тиіс. Басқа партиялармен белсенді ынтымақтастық. Ал қоғамдық бірлестіктер біздің партия қызметінің заңды бөлігіне айналуы тиіс, - деп қосты Мемлекет басшысы.

Үшіншіден, Тоқаевтың айтуынша, алдағы реформаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясының жұмысын қайта бастау қажет.

"Фракция мүшелері шектен шыққан ұйымшылдықтан алшақ болып, олар қоғам өкілдерімен көбірек байланыста болуы керек. Ашық популизмге бармай-ақ, өзекті мәселелерді жете түсініп, нақты түсіндіріп, партияның ұстанымын нық қорғауы - бұл тікелей депутаттардың парызы. Сайлаушылармен тікелей диалог құру, азаматтармен, оның ішінде шалғай ауылдарда тұрақты кездесіп тұру маңызды. Депутаттық сауалдар ресми түрде емес тұрғындардың нақты мәселелерін көрсетуі керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети