05 қазан 2018 15:14

Президент: Ведомствода мәселе шешілмесе, басшыны ауыстыру қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ведомство басшыларының жауапкершілігі туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ведомство басшыларының жауапкершілігі туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сот жүйесінің кейінгі модернизациясы. Соңғы жылдары атқарылған істер аз емес, бірақ ең бастысы жоқ - сотқа деген сенім. Жоғарғы сот - біздің реформалардың негізгі факторы. Сот жүйесіне заманауи форматтарды енгізу жұмыстарын жалғастыру қажет. Бұған қанша қаражат пен күш жұмсалып жатыр. Дәлелсіз қаражат жұмсағандар жұмыстан босатылсын", - деді Назарбаев. 

Президент сот жүйесіндегі кадрлардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігін айтты.

"Судьялар мықты заңгер болуға ұмтылатындай стимул жасау керек. (...) Сот тәжірибесі түсінікті болуы тиіс, әсіресе кәсіпкер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы дауда анық болған дұрыс. Әлемде сотқа мәселені шешу үшін жүгінеді. (...) Мен тағы да Жоғарғы сотқа жыл соңына дейін сәйкесінше кешенді шараларыды жасап шығуды тапсыруыма тура келді. Жақып (Асанов - Жоғарғы сот төрағасы) не болды? Сені тәжірибелі деп тағайындадық (...) Судьяларға кәсібилік қажет", - деді Президент.

"Жоғарғы сот кеңесі, Талғат (Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов), мен сені ол жерге не үшін тағайындадым? Судья болу қанша тұрады және қанша беру керек, дегенді сұрамауы үшін. Жоғарғы сот кеңесі - бұл сот жұмысының елегі. Мен мұны 100 рет қайтала алмаймын. Мен әрдайым ведомствода мәселе шешілмесе, басшыны ауыстыру қажет деп ойлаймын. Мен тағайындаған адамдарды ауыстырғым келмейді, бірақ керек болып жатса, оны да істеуге мәжбүр боламын. Сендер - менің ең басты кеңесшілерімсіңдер, мен кімге сүйенемін? Сіздер маған ұсыныстарыңызды тапсыруларыңыз қажет", - деді Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети