17 мамыр 2018 17:43

Президент "Яндекс" басшысымен ІТ-хаб аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Яндекс" компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Яндекс" компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Аркадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

Аркадий Волож Ресейде де, Қазақстанда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір нарықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.  

Әңгімелесу барысында тараптар ІТ-хаб және "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети