19 қазан 2022 15:34

Президентке Алматы облысындағы G4 City жобасы көрсетілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында G4 City жобасымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында G4 City жобасымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы жоба аясында Алматы - Қонаев автомагистралінің бойында орналасатын G4 City жобасы аясында Gate District, Golden District, Growing District және Green District атты төрт заманауи аудан салынады. Gate Distrtict ауданы қаржылық-іскерлік кластері, Golden District ауданы білім беру және медициналық кластер ретінде дамиды.

Ал экспортқа бейімделген сауда-логистика және инновациялық-индустриялық өнеркәсіп нысандары Growing District ауданына шоғырланады. Green District мәдениет және демалыс ауданында курорттық кешен, гемблинг индустрия нысандары мен арнаулы парктер орналасады. Даму перспективасы бойынша G4 City 2,2 миллионға дейін халық мекендейтін интеграцияланған қала ретінде дамиды. Шетелдік инвесторларды белсенді тарту мақсатында қалада арнайы экономикалық аймақтар құру, жаңа халықаралық әуежай салу қарастырылған. Мемлекет басшысы аталған жоба бұрыннан талқыланып келе жатқанын еске салып, инвесторлардан жобаның жүзеге асырылу мерзімін нақтылады. Сондай-ақ Президент инвесторларға G4 City қаласында қолжетімді баспана салу, қала орналасатын аумақ халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастырып, жобаның әлеуметтік жағына да мән беру керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа G4 City қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мәселесіне қатысты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети