Президентке хат. Ақорда виртуалды қабылдау жүйесін ашады

20 Сәуір, 12:21
0

Қазақстан Президенті Әкімшілігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауын ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы күн сайын әртүрлі ақпарат көздерінен өте ауқымды хабарламалар алады. Одан басқа, Президент заманауи коммуникация құралдарына - интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге де ерекше көңіл бөледі.

"Ақпараттар тасқыны күн сайын артып келеді. Президент маңызды оқиғалардың тамырын дер кезінде дөп басып отыруы керек. Ал мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі - халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен пікір алмасуды жолға қою", - деп жазды баспасөз хатшы Facebook желісіндегі парақшасында. 

Жақында өткен кеңесте Тоқаев министрлер мен өңір әкімдеріне халықпен тікелей байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуді тапсырған. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде өзі үлгі көрсетіп, Twitter @TokayevKZ желісіндегі парақшасын жүргізеді, ал жақында Instagram желісінде tokayev_online парақшасын ашты.

"Аталған әлеуметтік желі алаңдарында халық (яғни, әлеуметтік желі қолданушылары) өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын жазып жатыр. Жазылған пікірлердің арасында жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін өте құнды және маңызды ақпараттар да бар. Сондықтан да, Мемлекет басшысы азаматтар ресми түрде сұрау сала алатындай заңдық күші бар Виртуалды қабылдау ашуды тапсырды. Азаматтардың осы Виртуалды қабылдауға жазған әр хаты тіркеледі, келіп түскен хаттарды Президенттің өзі және Әкімшілік қызметкерлері қарастырады.
Виртуалды қабылдау Мемлекет басшысына қоғамдағы өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді анықтап, оларды шұғыл шешуге көмектесетіні сөзсіз.", - деп толықтырды Берік Уәли.

Виртуалды қабылдау Akorda.kz сайтында 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап іске қосылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай