Президенттер Ақтау конвенциясына қол қойды

12 Тамыз, 16:36
0
© akorda.kz
© akorda.kz

Президенттер Ақтау конвенциясына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

12 тамызда, жексенбіде Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтіп жатыр. Ақтауда Бесінші Каспий саммиті барысында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий мәртебесі Конвенциясына және басқада құжаттарға қол қойылады. Назарбаев Ақтауға 10 тамызда келді. 

Саммит барысында мемлекет басшылары шараның маңыздылығы жайлы айтты. Владимир Путин Ақтаудағы кездесуде ерекше және аса күрделі шара екенін жеткізді.

Саммит барысында Каспий маңы елдерінің министрлері Каспий теңізінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға күрес бойынша одақтастық туралы протолға дәне сауда-экономикалық одақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бес мемлекет көшбасшыларының бәтуаластық және барлық тараптардың мүдделерін өзара есепке алу негізінде тұжырымдалған базалық халықаралық шартқа - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюы жоғары деңгейдегі кездесудің басты оқиғасы болды.  Осы негіз қалаушы құжат заманауи талаптарға сай келетін және жағалау маңындағы елдердің жан-жақты өзара іс-қимылын одан әрі қарқындатуға бағытталған Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін құрады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны тиімді орындау және Каспийдегі ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілеріне шолу жасау мақсатында президенттер сыртқы істер министрліктерінің қамқорлығымен сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары/Каспий маңы мемлекеттерінің өкілетті өкілдері деңгейінде тұрақты бесжақты консультациялар тетігін құру және Конвенцияға қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей алғашқы консультациялар өткізу туралы шешім қабылдады. Бірінші кезектегі тәртіппен тікелей бастапқы желілерді белгілеу әдістемесіне қатысты келісім жобасын әзірлеуге және келісуге кірісу тапсырылды.

Бесінші Каспий саммитінде жағалау маңындағы мемлекеттердің өнеркәсіптік, сауда, энергетикалық, көліктік-логистикалық, инновациялық, туристік, ақпараттық және мүдделілік танытатын басқа да салалардағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және дамытуға ықпал ететін Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою терең қанағаттанушылық сезіммен қабылданды. Осы келісімдерді іске асыру үшін Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретті ведомстволарының кездесулері тұрақты негізде өткізілетін болады. Бес елдің кәсіпкерлері мен бизнес-құрылымдары арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында 2019 жылы Түрікменстанда бірінші Каспий экономикалық форумын өткізу ұсынылды.

Каспий теңізінде теңіз көлігі саласында тиімді және өзара пайдалы ынтымақтық жасау мақсатында жағалау маңы мемлекеттері теңіз әкімшіліктерінің бесжақты тұрақты өзара іс-қимылын ұйымдастыру маңыздылығы баса көрсетілді. Каспийдегі теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы бесжақты келісімді дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Саммит барысында Каспий теңізіндегі оқыс оқиғалардың алдын алу туралы үкіметаралық келісімге қол қою мемлекеттердің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын – егемендікті, аумақтық тұтастықты құрметтеуді, бір-бірінің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуді, әскери қызмет саласындағы келісілген сенім шараларын сақтауды өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі ортақ күш-жігерге сәйкес болжамдылық және транспаренттілік рухында іске асыруға бағытталған.

 


Суреттер Ақорда сайтынан

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай