Президенттікке өзін-өзі ұсынған әскери қызметші мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттікке өзін-өзі ұсынған әскери қызметші мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Ержан Серғазиннің жазбаша жұмысы "Конституция - дамудың кепілі" тақырыбына арналды. "Тақырып ашылмады, қате өте көп - 24", - деді Жолдасбеков.
Комиссия көркем мәтінді оқу жөніндегі тапсырманың орындалуына да қанағаттанбады. "Лингвистика комиссиясы Серғазин мемлекеттік тілді жеткіліксіз меңгерген деген қорытындыға келді", - деді комиссия төрағасы.
Серғазин журналистерге сайлауалды науқан шеңберінде мұндай емтиханды өткізудің қажеттігіне күмән келтіретінін білдірді. "Мемлекеттік тіл бойынша мұндай емтихан келешекте бізге қажет пе?" - деді ол.
Айта кетейік, тағы бір ниет білдіруші Қайрат Майішев мемлекеттік тіл емтиханын тапсыруға келген жоқ. Сонымен, қазіргі уақытта сайлау додасына қатысуға ниет білдіргендердің екеуі ғана лингвистика комиссиясының тапсырмаларынан сүрінбей өтіп тұр - Лимана Қойшиева мен Тұрғын Сыздықов.