10 наурыз 2015 12:52

Президенттікке ҚКХП атынан үміткер мемлекеттік тіл емтиханынан өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Емтихан барысы. Фото Тengrinews.kz Емтихан барысы. Фото Тengrinews.kz

Президенттікке Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан ниет білдіруші Тұрғын Сыздықов мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тексерілген емтиханнан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президенттікке Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан ниет білдіруші Тұрғын Сыздықов мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тексерілген емтиханнан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жақсы жазылған. 6 қате жіберілді. Жақсы оқып берді, түсінікті, сауатты. Лингвистика комиссиясы Тұрғын Сыздықов мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді", - деді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков. 

Оның айтуынша, әзірше емтихан кезінде бірде-бір қате жібермеген адам болған жоқ. "Бұл, әрине, аса жақсы емес", - деді Жолдасбеков. 

Сөйтіп, Сыздықов президенттікке үміткерлердің арасынан қазақ тілі емтиханын жақсы тапсырған екінші ниет білдіруші атанып отыр. Емтиханнан алғаш болып сәтті өткен Лимана Қойшиева еді. 

Қазіргі уақытта тағы бір ниет білдіруші - әскери қызметші Ержан Серғазин емтихан тапсыруға кірісті. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети