Президенттікке ниет білдіруші Жарылқап Қалыбай емтиханда комиссияны таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттікке ниет білдіруші Жарылқап Қалыбай емтиханда комиссияны таңғалдырды Жарылқап Қалыбай. ©Tengrinews.kz

"Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналдарының бас редакторы қазақ тілі емтиханын сәтті тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналдарының бас редакторы қазақ тілі емтиханын сәтті тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

Лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков оның жазба жұмысында бірде-бір қате болмағанын, тапсырманы сәтті орындағанын, тақырыпты ашқанын айтты. Емтихан тапсырушы екінші тапсырмада Бауыржан Момышұлы прозасынан үзінді оқып берді. Президенттікке ниет білдіруші үшінші тапсырманы да тамаша орындаған.

"Жарылқап Қалыбай қазақ тілін еркін меңгерген. Сәттілік тілейміз", - деп хабарлады Жолдасбеков. Лингвистика комиссиясы басшысының айтуынша, Жарылқап Қалыбай Мемлекет басшысынан кейінгі қазақ тілін жетік білетіндігімен комиссияны таңғалдырған екінші адам болды. 

55 жастағы Жарылқап Қалыбай сайлауға қатысуға 12 наурыз күні өтініш берген болатын. Қазақстан президенттігіне үміткерлерден өтініш қабылдау 15 наурыз күні сағат 00.00-де аяқталды. ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтің хабарлауынша, 16 наурыз күнгі сағат 00.01-дегі мәлімет бойынша, Орталық сайлау комиссиясында 27 өтініш болды. 

Бұған дейін бес үміткердің лингвистика комиссиясының емтиханынан өтіп, ұсынылған талаптарға сай келетіні хабарланған еді. Олардың арасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар - Лимана Қойшиева, Қанат Тұрагелдиев, Әбілғазы Құсайынов бар. Оларға қол қою парақтары берілді. 

15 наурыз күні қазіргі Мемлекет басшысын қолдаушылардың жарты миллион қол жинағаны белгілі болды. Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети