10 наурыз 2015 | 17:46

Президенттікке үміткерлерге қол жинау парақтарын беру уақыты қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов ҚР Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Президенттікке үміткерлерге қол жинау парақтарын беру мен олардың растығын тексеру уақыты қысқартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Президенттікке үміткерлерге қол жинау парақтарын беру мен олардың растығын тексеру уақыты қысқартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы" ҚР ОСК 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/266 қаулысына сәйкес қол қою парақтарын Ортсайлауком кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 2 күнтізбелік күннің ішінде береді. Осыған дейін аталған рәсімге 5 күн берілетін", - делінген ОСК баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. ОСК мәліметінше, сайлау комиссияларының аталған сайлау рәсімдерін жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту туралы шешімді Ортсайлауком тек кандидаттардың мүдделеріне сай қабылдады және бұл олар үшін ортақ уақыт ресурстарын ұлғайтады.

Айта кетейік, ОСК президенттікке үміткерлер жинауы тиіс рас қолдардың саны 93 мың 12-ден кем болмауы тиіс деп бекітті. "Қолды үміткерлердің сенімді өкілдері жинайды. Қол жинау жөніндегі топтардың саны мен құрамына шектеу қойылмайды", - деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. 26 ақпан күні сайлау додасына үміткерлерді ұсыну басталды, ол 15 наурызға дейін созылады. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлер тіркелгеннен кейін 26 наурыз күні сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады, ол 24 сәуір күнгі сағат 00.00-де аяқталуы тиіс. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети