Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен кездесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Қазинформ.
Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен кездесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Қазинформ.
"Мемлекет басшысы қазірге дейін БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тәртібін қабылдау жөніндегі саммитіне қатысты. Алдағы күндері Қазақстан Президенті екі ірі саммитке, атап айтқанда, Бас Ассамблеяның жалпы пікірталасына және Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммитке қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблея алаңында бірқатар шет елдің мемлекет және үкімет басшыларымен, оның ішінде АҚШ Президенті Барак Обамен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл Мемлекет басшысының әлемнің ірі елдерінің көшбасшыларымен үшінші кездесу болмақ. Өйткені, бұған дейін осы айда Мемлекет басшысы Владимир Путинмен және Си Цзиньпинмен кездескен болатын", - деді ол.
Абаев Елбасының америкалық ірі бизнес өкілдерімен кездесуге де назар аударатынын айтты. "Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін Президент америкалық жетекші компаниялардың басшыларымен кездесті. Бұл топтың бейресми атауы - "АҚШ экономикасының капитандары". Бұл компаниялар активтерінің құны 10 триллион доллардан асады. Миллионерлер туралы жазылған "селф мэйд" туралы барлық кітаптың жартысы бұл адамдардың өмірілік сценарийі бойынша жазылған десек асыра айтқандық емес. Нұрсұлтан Әбішұлы үшін бұл кездесу зор маңызға ие. Өйткені, бұл елімізге мол инвестиция тартудың тамаша мүмкіндігі. Кездесу барысында аса мән берілген жайттардың бірі Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру болды. Іс жүзінде кездесуге қатысушылар Қазақстанға инвестиция салуға ниетті екендерін білдірді", - деді Абаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың ірі компанияларымен кездесу барысында компаниялардың Қазақстан экономикасының әрмен қарай дамуына қатысуын кеңейту жолдарын және Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру аясындағы алдағы әріптестіктерді талқылады. Іс-шараға Guggenheim, JP Morgan, Pfizer, Blackstone және басқа да жетекші компаниялар, инвестициялық қорлар және қаржы институттарының басшылары қатысты.