Назарбаев АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен кездесті

28 Қыркүйек 2015, 09:07
3
Назарбаев АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен кездесті - © Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың ірі компанияларымен кездесу барысында компаниялардың Қазақстан экономикасының әрмен қарай дамуына қатысуын кеңейту жолдарын және Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру аясындағы алдағы әріптестіктерді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға Guggenheim, JP Morgan, Pfizer, Blackstone және басқа да жетекші компаниялар, инвестициялық қорлар және қаржы институттарының басшылары қатысты. Өз сөзінде Назарбаев америкалық бизнес өкілдеріне Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы қалыптасуы мен дамуы туралы, сонымен қатар, реформаларды жүзеге асырудағы бүгінгі жетістіктері мен республиканың халықаралық аренадағы абыройының нығаюы жайлы айтып берді.  

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы АҚШ компанияларының біздің экономикамыздың барлық саласында жұмыс істеп жатқанына назар аударды. Мұнымен қатар, Назарбаев Қазақстанның бүгінде алға қойған мақсаттарына ерекше тоқталды. Олардың ішінде Бес институционалдық реформа, инвестициялық климматты жақсарту бойынша шаралар, экономиканың мемлекет иелігінен шығуы және "Нұрлы жол" бағдарламасының аясындағы ірі инфрақұрылымдық құрылыс бар.

Ерекше назар алдағы EXPO-2017 көрмесіне және оның базасында Астанада Халықаралық қаржы орталығын құруға ауды. Мемлекет басшысы бұл жобаларға АҚШ компанияларының белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді. 

Өз кезегінде кездесуде сөз сөйлеген кәсіпкерлер Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің жоғары болуына және әрмен қарай дамуға деген құқықтық, институционалдық және инфрақұрылымдық негіздерінің қуатты бола түсуіне күш салғанын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Cisco Systems компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чемберспен және Халықаралық қаржы корпорациясының атқарушы вице-президенті Цзин-Юн Каймен кездесті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай