12 мамыр 2020 17:30

Президенттің кеңесшісі кей шенеуніктің жалақысын өсіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Президенттің штаттын тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергенов әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президенттің штаттын тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергенов әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экономист мемлекеттік қызметшілердің еңбегін төлеудің екі тарапын айтып берді.

"Бірінші тарап - шенеуніктер саны қажет көрсеткіштен асып түседі. 2011 жылы мемқызметшілердің саны 65 мың адам болды, қазір 98 мыңға жуық. Тоғыз жыл ішінде шамамен 50 пайызға ұлғайды. Олардың кей бөлігі күштік құрылымдағы - шекарашылар және тағы басқалардың мемлекеттік қызметшілер санатына ауысқанымен байланыстырылады. Тағы қарапайым өсіммен көбейген бөлігі бар. Бұл жерде енді жеке лауазымдарды жоя отырып, мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту керек.

Екінші тарап - еңбекақы. Үнемі мемлекеттік қызметшінің адалдығы немесе оның жалақысы алғашқы орында ма деген сұрақ жүреді. Егер қазір "мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтерейік" десек, тұрғындардың көбі кері қабылдайды. "Олардың жалақысы жоғарылайды, ал олар бәрібір адал емес, бұл тек қосымша шығын, жағдай өзгермейді" дейді. Бір жағынан егер жалақысын өсірмесек, оларды өзіміз сондай әрекеттерге (жағымсыз жағдайларға - еск.) итермелейміз", - деді ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингінде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети