Президенттің төрағалығымен ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді

07 Сәуір 2014, 17:20
0
Президенттің төрағалығымен ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді - Нұрсұлтан Назарбаев.  ©Тengrinews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық инвесторлардың кеңесі өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"11 сәуірде Қазақстан Президентінің төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді, онда отандық кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланған", - делінген Ақорданың сайтында.

Ұлттық инвесторлар кеңесінің былтырғы отырысында Нұрсұлтан Назарбаев келесі кездесудің тақырыптарын белгілеген болатын. Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның екінші өнеркәсіптік бесжылдығын іске асыруға қатысуын талқылау керектігін айтқан еді. "Бесжылдық инновациялық-индустриялық дамуға арналады. Мен Үкіметке қараша айына дейін оның тұжырымдамасын және келесі жылдың мамыр айына дейін бағдарламаның өзін дайындауды аяқтауды тапсырдым. Мен оны сіздер мақұлдағаннан кейін 2014 жылдың мамыр айында өтетін кеңес отырысында бекіткім келеді", - деген болатын Елбасы шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-отырысында.

Шетел инвесторларының кеңесі - Қазақстан Президенті төрағалық ететін консультативтік-кеңесші орган. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен 1998 жылы елімізде жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей диалог орнату және инвестициялық қызметпен байланысты өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай